Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Павлодарда жұмысшы басшысының ақшасын иемденген

Павлодар қаласының тұрғыны жұмыс берушісіне тиесілі 900 мың теңгені өз қалтасына басып алған

Жалпы Павлодардың полиция қызметкерлері жыл басынан бері өзгенің мүлкін заңсыз иемдену бойынша осындай 10 қылмыстық істі ашқан, деп хабарлайды " Қазақпарат" ХАА сайты.

Экспедитор болып жұмысқа тұрған 22 жасар азамат Ақсу және Екібастұз қалаларындағы дүкендерден жиналған 900 мың теңгені иемденіп, ізім-ғайып жоғалып кеткен. Алайда полицейлердің қолына түсті. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәртіп сақшылары бұндай жағдай бірінші рет орын алмағанын айтады. Бұған дейін дәл осындай қылмыс жасаған 42 жастағы ер адам тұтқындалған. Экспедитор болып жұмыс істеп жүрген азамат басшылықққа сауда орындары тауарды қарызға алады деген жалған құжат тапсырып келген. Ал құжаттарды тексеру кезінде олардың жалған екендігі анықталып, ер адам да жұмысқа келмей қойған. Бұл іске қатысты да сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Следующая →