Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде ғимарат төбесінен құлаған сылақ дүкеннің есігін сындырды

Тәуелсіздік даңғылында орналасқан "Строй Арсенал" дүкенінің кіреберісі быт-шыт болды

Құлаған сылақтың гүрсілі тұрғындарды шошытып тастады.

- Досым екеуіміз Металлургтер көшесімен өтіп бара жатқанбыз. Маңайда полицейлер қоршап, өрт сөндірушілер мен дәрігерлер жүр екен. Үйдің төбесіне қарап шошып кеттік. Үлкен цемент сылағы тура дүкеннің үстіне кеп құлаған екен, - дейді куәгерлердің бірі.

Төтенше жағдай мамандары келіп, маңайды ретке келтіріп кетті. Дүкен жұмыс істеп тұр.

- Дүкеннің кіреберісі облыстық қазына есебінен жөнделетін болады, - дейді "Строй Арсенал" ЖШС қызметкері Алина Сельдикова.

Ешкім зардап шеккен жоқ.



Следующая →