Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменнің шет аудандарының тұрғындары қалаға жете алмай отыр

Үлбі ауданының тұрғындары жұмысқа жете алмай әуре болуда

Өйткені аялдамаға келген автобустың іші адамға шық толы, кіретін есік жоқ. Ауданға келетін №33, №26 автобус маршруттары мен №250 микроавтобустар аялдамаға тоқтамай кетеді.

- Жұмысқа жету кәдімгідей бас ауруымыз болып кетті. Автобустар соңғы аялдамада тұрған адамдардың барлығын жинап алады да, іші толып кеткендіктен, кей аялдамаларға тоқтамай өтіп кетеді, - деп жазады Үлбі ауданының тұрғыны әлеуметтік желіде.

Өскемен қаласының Жолаушыларды тасымалдау орталығы бұл мәселені шешеміз деп отыр.

- Бұл жағдай бізге таныс. Шешудің бірнеше жолы бар. Шағын автобустардың орнына 80 адам сыятын ірі автобустарды жіберуге болады немесе №26 маршруттың автобустарын көбейту керек, - дейді орталық директоры Ернар Мұстафин.

Директордың сөзіне қарағанда, тұрғындар жұмысқа қатынаған немесе қайтқан кезде ғана автобустың іші лық толып қалады. Ал қалған уақытында іші бос жүреді.

Следующая →