Қарағандының Оңалту орталығынан өрт шықты
Өрт 26 ақпан күні түнге таман болған. Ауруханада жатқан 22 науқас пен үш дәрігер эвакуацияланды
Өрт сөндіруші бөлімшелер келген кезде "Х.Ж.Мақажанов ат. облыстық травмотолгия және ортопедия орталығы" ҚМКК оңалту орталығыныңда өрт шықты, деп хабарлайды Егемен Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Медбикелер бөлімінде жиһаз, заттар, терезе жақтауы, тұрмыстық техника, ағаш жарлар мен бірінші және екінші қабат жақтаулары, жалпы алаңы 20 ш.м. отқа оранған, - дейді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда.