Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Әлеуметтік нысандарды дамытуға қаржы құяды

"Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС мен Жарма аудандық әкімдігі әлеуметтік-экономикалық серіктестік жөніндегі екіжақты меморандумға қол қойды

Өндірістік кәсіпорын аталған келісім аясында Әуезов кенті мен Шалабай ауылының әлеуметтік нысандарына қаржы құймақ.

Ресейлік "Полиметалл" компаниясының Бақыршық тау-кен кәсіпорны Жарма ауданының әлеуметтік нысандарын салуға жыл сайын көмек көрсетеді. Бұған дейін Әуезов кентіндегі бос жатқан балабақша мен дәрігерлік амбулаториясы мектептің спорт залы жөнделген болатын. Амбулаторияға жедел жәрдем көлігі мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алынған.

Кәсіпорын былтыр Әуезов орта мектебінде ІТ-сынып және өлкетану мұражайын ашуға қол ұшын берген. Жыл сайын Әуезов кентіндегі мектепке ішінара жөндеу жұмыстарына көмектесіп отырады және осы бағыттағы көмек жалғасын таппақ. Мектеп бітірген түлектерге де компания қолдау көрсету үстінде. Жыл сайын кәсіпорын атынан түлектерге тегін білім беру гранттары ұсынылады. Олар Қазақстанның кез келген университетінде білім ала алады.

- Біз ауданның әлеуметтік-экономикалық саласына, әлеуметтік нысандарына инвестиция құюды әлі де жалғастырамыз. Мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру салаларын және Әуезов кенті мен Шалабай ауылының инфрақұрылым нысандарын дамытуға арналған бағдарламаларға қаржы салынады. Мәселен, 2018 жылы Бақыршық тау-кен кәсіпорны серіктестік жөніндегі меморандум аясында 106 млн теңге бөлген болса, биыл 51 млн теңге бөлуге әзір. Яғни, жыл сайын әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді. Бұл кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады. Ал қолға алынатын жобалардың барлығы жергілікті тұрғындардың ұсынысымен орындалады, - дейді "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС бас директоры Юрий Овчинников.

Аудан әкімдігінің айтуынша, бұл қаражат ауылды абаттандыру мен демалыс орындарын салуға, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға жұмсалады.

- Кәсіпорынның аудан үшін маңызы зор. Өйткені ауыл тұрғандарының барлығы осы кәсіпорында еңбек етеді. Тау-кен кәсіпорнының басты ерекшелігі - жергілікті халықпен байланыс орнатқандығы. Яғни, кері байланыс бар. Халықтың мұң-мұқтажы мен сұранысын әрдайым бақылауда ұстап отырады, олардың ұсыныстарын қолдайды. Ауданның әлеуметтік өмірінен тыс қалмай, үнемі жаңа бастамаларға мұрындық болуда. Мәселен, биыл Әуезов кентіне спорт сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Одан бөлек, мәдениет үйін де жөндеу ойда бар, - дейді Жарма ауданың әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Нұрғалиев.

Қазіргі уақытта Әуезов кенті мен Шалабай ауылында мәдениет үйі де, спорт кешені де жоқ. Әкімдіктің ендігі ойы - спорт кешені мен мәдениет мекемесін бір ғимаратқа сыйдырып, бірыңғай орталық ашу. Бұл қос мекеменің қашан салынатындығы белгісіз, тек жоба күйінде жасалып қойылған.

Айта кету керек, "Полиметалл" компаниясы Қазақстанда 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Ал 2014 жылы Бақыршық алтын кен орнын игере бастады. Ал биыл шілде айында Бақыршық тау-кен кәсіпорны төрт жыл бойы еткен еңбегінің жемісін көріп, алтын байыту фабрикасын ашты. Ал осы жылы қыркүйек айында кәсіпорын бір тонна алтын өңдеп, тарих бетін жаңартты. Төрт айдың ішінде байытылған жоғары көміртекті кен партиясын екі рет экспорттап үлгерді. Оның бірі Қытай еліне жіберілсе, екіншісі "Полиметалл" компаниясының Хабаровск аймағында орналасқан Амур тау-металлургиялық комбинатына жіберілді.

Следующая →