Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Ұлан аудандық әкімдігі Сібе көлінің абаттандыру жұмысына қатысқан мердігерге ақы төлемей отыр

Былтыр Ұлан ауданында орналасқан Сібе көлдерінің бірінде жабдықталған отбасылық жағажай ашылған болатын

Жағажайды абаттандыру жұмыстарын облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі жеке қадағалауын алып, ашылу салтанатына да қатысты. Қазір бұл жағажай облыста заманауи талаптарға сай келетін бірден-бір жағажай болып отыр.

Шалқар көлінің басты мәселелерінің бірі - жағалау маңын қаптап өскен қамыстың қалыңдығы еді. Құжынап өскен қамысты Алматыдан келген мердігер бірегей технологиямен қырқып, су көлін лайламай жағалау маңын тазалап шыққан болатын. Қамыстың тап-тұйнақтай қырқылғаны сонша - қамыс қайта қаптап өскен жоқ. Алайда құрақ кесу жұмыстарымен айналысқан алматылық мердігер Ернұр Искаков содан бері бір жылдан аса уақыт өтсе де, әлі істегін жұмысының ақысын ала алмай, Ұлан ауданы әкімдігінің табалдырығын тоздырып жүр.

Уәдесінде тұрмады...

ШҚО Кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай, былтыр қаржыландыру тоқтап қалып, Ернұр Искаков тазалау жұмыстарын толық бітіре алмаған.

- Былтыр қара суық күзге дейін жұмыс істедім. Нысанды облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі бақылауда ұстаған кезде, аудан әкімінің қызметкерлері жанымнан қалмай, жұмыс істетті. Тіпті, облыс әкімі Ұлан ауданының бұрынғы басшысы Дәулет Батырбаевқа көл жағасына шатыр тігіп жұмыс істесең де, жоспарланған мерзімге дейін абаттандыру жұмыстарын аяқта деп тапсырма берген еді. Сонда Батырбаевтың өзі маған жұмысты шілде айына дейін бітіріп беруге өтініш жасаған еді. Мен уәдемде тұрдым. Ал аудан әкімдігі уәдені аяқ асты етті, - дейді мердігер.

Келісімшарт жасамаған

Кейін бұл іс Кәсіпкерлер құқығын қорғау мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында талқыланып, аудан әкімінің өкілдері жасалған жұмыстың ақысы толығымен өтелгенін, қаржының бас мердігер компанияның есепшотына аударылғанын айтқан. Ал жобаның бас мердігері «Еңбек Семей» кәсіпорны болып шыға келген. Бұл кәсіпорынның былыққа белшеден батқаны онсыз да белгілі болып отыр. «Еңбек-Семей» есепшотқа аударылған қаржыны «ККК 8» атты мердігерге жолдаған. Ал Ернұр Искаковтың бұл екі компанияға еш қатысы жоқ. Онымен аудан әкімдігі де, жоғарыда аталған компаниялар мен кәсіпорындардың бірі де ресми келісімшарт жасамаған.

- Біз Ернұр Искаковпен келісім жасаған жоқпыз. Бізде бас мердігермен жасалған келісімшарт қана бар. Уақыт тығыз болғандықтан, «Еңбек Семей» мекемесі көздерінен тендер өткізіп, мердігер таңдап алдық. Ал ол мердігер компанияның кімге тапсырма бергенін біз білмейміз. Бас мердігермен жасалған шарт бойынша төлем толықтай жасалған. Бірде-бір құжатта Ернұр Искаковтың есімі жоқ. Оны кім, қалай шақырғаны белгісіз... - деп куәлік етті Ұлан аудандық ТҮКШ бөлімінің өкілі Рақымбаев.

Ернұр Искаковтің сөзіне қарағанда, ол 22 млн теңгенің құнына тең жұмыс бітірген әрі Ұлан ауданының бұрынғы әкімі Батырбаевтың өтінішімен жұмыс жасаған.

- Мені Батырбаевтың өзі шақырған. Кімді алдап отырсыздар! Президент әкімшілігінің адамы болғандықтан, оған имандай сендім. Келісімшарт талап етудің орнына өтінішін аяқ асты етпейін деп, күндіз-түні жұмыс істедім. Шілдеге дейін бітіріп бердім. Бәлкім, менің жұмысым көрінбейтін де шығар. Өйткені қамыстың өзі жоқ, оны түбімен отап тастадым. Менікіндей қамысты отау технологиясы Қазақстанның бірде-бір жерінде жоқ. Мендей адал жұмыс істемегенде, балшық сорғыш кемені пайдаланып, бірегей технологияны қолданбағанда, бір жылда-ақ қырқылған қамыс қаптап кетер еді. Бірақ қамыс сол беті өспей қалды ғой, көл суы тап-таза. Жасаған жұмыстарымның бірде-бірі құжаттамаға енбей қалуы, шынын айту керек, алаяқтық, - дейді Ернур Искаков.


Ал кәсіпкерлердің құқығын қорғаумен айналысатын мамандардың айтуынша, соңғы уақытта аудан әкімшілігінің кәсіпкерлерге жұмыс жасатып алып, тақырға отырғызып кетуі жиілеген.

- Әкімдік мамандары мердігерлерге жұмыс жасап беруге өтініш жасайды да, шаруа біткен соң, бюджетте қаржы жоқ деп жалт бұрылып шыға келеді. Әлде мұны әдейі істей ме? Өйткені әкімдіктен алданып, шағымданып келген жандар күн сайын көбейіп барады. Мәселен, Зырян ауданын тасқын су алған кезде, күндіз-түні жұмыс істеген мердігерлердің бірі әкімдікпен екі жыл бойы соттасып жүріп әрең ақысын алды. Басқа аудандарда да алданып қалған мердігерлер бар. Жұмысты істетіп алып, оған ақша төлемей қою мемлекеттік мекемелердің әдетіне айналып барады, - дейді ШҚО Кәсіпкерлік палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Галина Казанцева.

Ал 16 млн несиесі бар, қарызға белшеден батқан Ернұр Искаков болса, өз ісін дәлелдеу үшін соңына дейін баруға әзір екендігін айтып отыр.

Следующая →