Өскеменнің энергетиктері 100 игі іс жасамақ
«ШҚ АЭК» АҚ мен «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің Жастар орталығы компания басшылығының қолдауымен «100 игілікті іс!» қайырымдылық бағдарламасын бастайды
"100 игі іс" бағдарламасы аясындағы шаралар жастар арасында белсенділік, шығармашылық, бастамашылдықты арттырып, оларды қоғам өміріне белсене араласуға шақыруға бағытталған.
Игі істер легін қалалық аулаларды тазарту жұмыстары бастады. Тазалық жұмыстары бүгін бес аулада өтті. Акцияға 100 жас қызметкер қатысты.
Компанияның ең басты құндылығы - бұл адами капитал. Сондықтан біз өзіміздің қызметкерлерің, әсіресе жастардың бастамаларын қашан да қолдаймыз. Ұрпақтар сабақтастығы дәстүрін қолдай келе жас қызметкерлер үшін кадрлар қорының тиімді жүйесі құрылған және ол өз қызметін мінсіз атқаруда. Акционерлер жыл басынан бастап өз аумағының әлеуметтік-экономикалық дамуы сияқты маңызды стратегиялық бағытқа көп көңіл бөлуде, - дейді "ШҚ АЭК" АҚ Басқару Төрағасы Ерлан Кіркінбаев.
Энергетиктер жыл соңына дейін осындай 100 ізгі шараны жоспарлауда.