Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да 30 адам жолда үсіп қала жаздады

Алматыдан Зайсанға қайтып бара жатқан автобус Аягөз қаласынан 40 шақырым жерде аяздың кесірінінен бұзылып, жолда тоқтап қалған

Жолаушыларға құтқарушылар мен полицейлер келіп көмектескен

- Кешкі сағат ондарда құтқару қызметіне хабарлама түсіп, жолда автобустың бұзылып қалғандығы айтылды. Полицейлер келіп жеткенше, әкімдік қызметкерлері автобус апарып, жолаушыларды сонда отырғызды. Ал жолда өтіп жатқан автобус жолаушыларды жақын маңдағы кафелердің біріне дейін жеткізіп тастады. Екі жүргізушіні полицейлер апарды, - дейді Аягөз аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас инженері Дархан Нұғыметов.

Жолаушылардың барлығы - Зайсан ауданының тұрғындары. Зардап шеккендер жоқ.

- Ал түнге таман Аягөз аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен әкімдік мамандары келіп, жолаушылары Аягөз қаласына жеткізіп, жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне орналастырды, - дейді ШҚО ТЖБ.

Следующая →