Семей қаласының тұрғынына іздеу жарияланды
Жоғалып кеткен 35 жастағы тұрғын диабетпен ауырады әрі кез келген уақытта талып қалуы қалуы мүмкін
17 қаңтар күні Силикатный кентінде тұратын Дмитрий Квитко үйінен шығып кеткен күйі қайтып оралмаған. Ал жоғалған азаматтың анасы тұрғындардан оны іздеуге көмектесуін сұрап отыр.
- Дмитрийді 19 қаңтар күні үй маңынан көрген таныстары бар. Алайда одан кейін ешқандай хабар ала алмай отыр. Туған-туыстары оның диабетпен ауыратындығын әрі күн сайын инсулин қабылдап тұруы қажеттігін айтып алаңдап отыр, - дейді еріктілер қозғалысын үйлестіруші Евгения Павел.
Дмитрий үйден шыққан кезде үстіне көк мамықтан жасалған сырт киім, қара-көк түсті джинса, қара бәтеңке мен қара бас киім киіп кеткен. Бойы 185 сантиметр, көзі көк, шашы қара, орташа денелі.
Қандай да бір ақпара болса, 8-747-349-57-17, 8-747-427-91-49, 8-777-543-08-80, 8-777-543-08-81 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.