Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Елбасы Жолдауы дөңгелек үстелде талқыланды

Дөңгелек үстел барысында ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Нұрсұлтан Әбішұлының Жолдауы әр қазақстандықтың мүддесіне бағытталғанын айтып өтті

Қазақстандағы жаңа жыл Республика Президентінің саяси Жолдауынан басталады. Жолдау аясында жыл көлемінде өтетін шараларды жоспарламас бұрын, еліміз бас қосып, алар бағыт-бағдарын болжап алады. Міне, осыған орай Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық және этномәдени бірлестіктер дөңгелек үстел өткізіп, мемлекет басшысы көрсеткен міндеттерді жүзеге асыру жолдары бойынша кеңесті.

- Теңіз шарлаған кеменің жолдан таймауы үшін компас қажет. Сол сияқты елімізге бағдар болатын Жолдау қажет, - дейді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың политология профессоры Лилия Столярова. - Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында барлық стратегиялар, ресурстар мен мүмкіндіктер нақты айшықталған. Біздің бүгінгі міндетіміз - қандай мақсаттарға қол жеткізгеніміз бен қандай шараларға жүгіну керек екенімізді сараптап алу. Жолдауды зерттеп, жүзеге асыру - өте үлкен маңызға ие. Президент осыған дейін анықтап берген 100 нақты қадамның 60-сы бүгін жүзеге асырылды. Қазір біздің болашағымызға кепіл және іргетас болып отырған ең басты құндылығымыз – ұлтаралық келісім.

Дөңгелек үстел барысында ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Нұрсұлтан Әбішұлының Жолдауы әр қазақстандықтың мүддесіне бағытталғанын айтып өтті.

- Экономика және әлеуметтік сала аясында қоғамның алдында тұрған барлық мақсаттар уақыт талабына сай келеді, - дейді Әсем Бекқызы. - Бұл Жолдауда былтырғы жылы ел арасында орын алған барлық қателіктерге дейін ескеріліп айтылған. Жолдауды жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінің, этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің маңызы зор. Себебі олар қазақстандық қоғамның бірлігіне үлкен үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысы жыл сайын сыбайлас жемқорлық пен заңның ұлықтылығына зор мән беретінін айта кетуге болады. Бұл сұрақтар жыл сайын қаузалады. Себебі, осы мәселелер мемлекет тұтастығы мен тұрақтылығының көрсеткіші екені бәріне мәлім.

- Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында цифрландыру өтпей тұрып сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен сот жүйесін дамытуды елестету қиын. Қазір бізде қуыным арызын берудің электронды жүйесі енгізілген. Сол сияқты барлық сот отырыстары аудио-бейне тіркеу арқылы жүргізіледі, - дейді Азаматтық істер бойынша сот коллегиясының төрағасы Дамир Абдуғалиев.

Биылғы Жолдаудың көптеген ерекше тұстары бар екені айқын және ол қоғаммен кең талқылануда. Әсіресе, білім саласындағы өзгерістерге Елбасының тікелей араласуы «ел болам десең, бесігіңді түзе» деген көрегендік.

Следующая →