Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да ұрлықшылар ауыл әкімінің үйін тонамақ болған

Ұрлықшы Үржар ауданы әкімінің үйіне түскен. Ал әкім болса, полицейлерді қүтпей-ақ қаскүнемді «сабасына түсірген»

Облыстық мәслихат сессиясында облыстағы қылмыстық оқиғағалар жайлы айтылды. ШҚО ІІД Дулат Қазақпаев Шығыс Қазақстан облысы республика өңірлері арасында қылмыс деректері бойынша бесінші орында тұр дегенді айтты.

- Он бір айдың ішінде облыста 23 мың қылмыстық оқиға болған. Оның ішінде ауыр қылмыстардың азайғаны байқалады. Үйде ішімдік ішіп, кикілжің туғызған тоғыз мың тұрғынға ескертпе жасалса, 395-іне сот ішімдік ішуге тыйым салды. Ішімдік ішкен үш мың жүргізуші ұсталды, - дейді полиция бастығы.

Ал жергілікті депутаттар аймақта қылмыстық азайғанына қуанып, полиция басшысын біраз мақтап алды. ШҚО әкімі Даниал Ахметов сөз алып, Үржар әкімінің басынан өткен оқиғаны айтып берді.

- Біздің арамызда да көз көрмес батырлар бар, - дейді Даниал Ахметов. - Мәселен, Үржар ауданының әкімі Серік Зайнолдин ерлік көрсетіп, үйіне ұрлыққа түскен қарақшыны бір өзі ұстап алып, полиция бөлімшесіне апарған. Ал қаскүнем бұрында сотталған болып шықты. Әкім аздаған жарақат алған. Дегенмен Серік Зинабекұлына ерлік танытқаны үшін алғыс білдіремін!


Следующая →