Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да тергеуші органдар қағаз құжаттардан бас тарта бастайды

Жуық арада полиция, бақылаушы мекеме және сот қызметкерлерінің өзара хат алмасуы электронды түрде жүреді

Шығыс Қазақстанда «Е-қылмыстық іс» пилоттық жобасы тексерістен өтті. Қылмыстық іс материалдарын сақтауға арналған арнайы ақпараттық жүйе болашақта өзінің қағаз нұсқасын ауыстырады

Бағдарламашылар аталған жүйеге барлық әрекеттер алгоритмін енгізген – тергеудің басталу уақытынан бастап, үкім орындалғанға дейін. Мысалы тергеуші өз кабинетінен шықпастан тінту жүргізуге немесе өзге де құқықтарға қол жеткізу үшін прокуратураға сауалнама жібереді. Сол сияқты жүйеге фото, аудио және бейнежазбалар қосу мүмкіндігін енгізген.

Жаңадан енгізілген жүйе қыркүйектен желтоқсанға дейін ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметінде сынақтан өтіп, сәтті аяқталған.

- Мекеме техникалық тұрғыда қамтамасыз етілгендіктен және ішкі істер органдарына қарағанда артатын жүгі жеңіл болғандықтан, сынақты осында өткізу шешімі қабылданды, - дейді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасыбасшысы Мұрат Құсаинов. - Бұл жоба тергеу сапасын арттырып, уақытын үнемдейді. Материалды жалған жазудан қорғайды, оларға шынайы уақыт үлгісінде көруге, қаржылық шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Следующая →