Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі балабақшаның жеріне белгісіз біреулер басып кірді

Кеше кешке белгісіз біреулер «Азамат» балабақшасының қоршауын күреуіш көлікпен бұзып кіріп, ағаштан жасалған жылыжайдың қабырғасын сындырған

Ал балабақшаның директоры мұны кім істегенін білмей отыр, алайда балалар мекемесі маңайында жылыжай салынғанына тіс қайраушылар көп көрінеді.

- Балабақшадағы үлкендеу балаларды еңбекке баулу үшін әрі өсімдік өсіруді үйрету үшін ғимарат жанынан шағын жылыжай салуды мақсат тұттық. Ата-аналардың барлығы да бұған еш қарсылық білдірген жоқ. Өз қолдарын қойды, - дейді балабақша директоры Алмагүл Мыңбаева.

Алайда 27 қараша күні қалалық білім беру бөлімінен мамандары келіп, жылыжайдың салынуына ата-аналар қарсылық білдіріп жатқанын жеткізді.

- Олар ағаштан құрастырылып жасалған жылыжайды бұзуды ауызша өтінді. Ал біз сол күні қалалық білім бөліміне бұл өтінішті ресми түрде жарлық қылып шығаруын талап етіп хат жаздық. Алайда әлі жауап ала алмадық. Міне, кеше белгісіз біреулер біздің қоршауды бұзып кіріп, жылыжайды қиратып кетті. Полиция шақырып, оқиғаның мән-жайын түсіндірдік, - дейді директор.

Полицейлер балабақша жеріне кімнің баса-көктеп кіргенін анықтап жатыр.





Следующая →