Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Широкова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО әкімі Абай ауданы әкімдігінің жұмысына разы емес

Даниал Ахметов Абай ауданы Ауыл шаруашылық басқармасына осымен екінші рет ескерту жасап отыр

Облыс әкімі жарық пен су тарту жұмыстары қажет деп танылған шаруа қожалықтардың ертең бар-жоғына кім кепілдік бермек деген сауал төңірегінде мәселе қозғады.

- Мәселен, 45 сиыры бар «Алтынбек» шаруа қожалығына жарық тарту үшін 6 млн теңге қажет депсіңдер. Ал сендер бұл шаруашылық жем-шөбі бар ма екен, білдіңдер ме? Қыстан малын қалай аман сақтамақ? Малды жайылымда бағу мен қорада ұстаудың айырмашылығы көп қой. Сондықтан бюджет ақшасын игеру туралы құжаттаңды қайта жасаңдар, - деді Даниал Ахметов Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Тәттібековке.

Комиссия отырысына әр ауданнан инфрақұрылым тарту туралы 16 жоба келіп түскен. Әкім оның төртеуін ғана мақұлдады: Абай ауданында жылқы өсіру шаруашылығына, Күршім ауданындағы наубайханаға, Глубокое ауданындағы кондитер цехін кеңейтуге, Тарбағатай ауданында сүт цехін ашуға қаражат бөлуге келісімін берді. 

Следующая →