Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендік хоккейші граффитиді алғаш рет тамашалады

«Торпедо» хоккей клубының шабуылшысы Талғат Жайлауов Тәуелсіздік көшесінде осыдан бір апта бұрын салынған граффитиді бүгін келіп бірінші рет көрді

Хоккейшінің ойынша, «Торпедо» клубының көпқабатты үйдің қабырғасында салынуы заңды әрі лайықты, өйткені команданың жетістіктері мол, тарихы бар. - Өскемендегі алғашқы көркем туынды үшін менің суретімді таңдап алғаны, әрине, мені қуантады. Суретшілер үлкен іс жасады. Команда ойыншылары арасында менің портретім әзілге айналып кетті. Саша Шин болса, «Неге сенің суретің салынды? Менікін неге салмайды?» деп қалжыңдап қояды. Әрине, мұның барлығы әзіл, - дейді Талғат Жайлауов. Хоккей ойыншысы қабырғадағы суреттің өзіне 99 пайыз ұқсайтын айтады. Арасында әзілдіп: - Ерінімді үлкейтіп қойыпты, - дейді ойыншы. Суретшілер болса, көркем туындыны жасауға екі апта кеткенін айтады. - Суретті екі апта ішінде салдық. Алайда жауын-шашын біраз кедергі болды. Сондықтан үш аптаға дейін жүрдік. Байқасаңыздар, спортшы бейнесінің астында Алтай тауының ызғары бейнеленген. Өйткені, хоккей дегеніміз тау, қар, ызғар ғой, - дейді Айбек Нұрбеков. Ал идеялық дем беруші, бастама авторы қала әкімі Қуат Тұмабаев бұл жобаны әрі жалғастыратынын жеткізді. - Еліміздің бірнеше қаласынан ғимаратта салынған суреттердің көп екендігін көрдім. Өскемен қаласы да олардың несі кем деп ойладым. Оның үстіне, дамып келе жатқан қала. Сондықтан осы идеяны жүзеге асыруға тырыстым. Көптеген ойлар болды. Табиғатты бейнелеу, спортшылар мен танымал тұлғалардың бейнесін салу туралы ойымыз болды. Алайда демеуші хоккей спортын, оның ішінде Талғат Жайлауовтың портретін көңілі қалады, - дейді Қуат Тұмабаев. Ал демеуші «Юко» компаниясының басшысы Қайнар Дүйсенов былтырғы чемпионатта «Торпедо» клубының жеңімпаз болуына Талғат Жайлауовтың үлесі зор болғандықтан, аталған спортшының портретін салуды ұсыныс еткен. Алдағы уақытта тағы бір стрит-арт салыну жоспарланып отыр. - Ол қандай болмақ, кімнің портреті болмақ, - ол жағы құпия, - дейді Қуат Тұмабаев.
Следующая →