Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Рыльская
Ақпарат көзі:
Устинка

Егін жинау үшін дизель отыны жеткілікті

Егіс түгел жиналғанымен алқаптарда әлі күнбағыс қалды. Ал шаруа қожалықтары үшін жеңілдікпен берілетін дизельді отын төңірегіндегі дау әлі басылмай тұр

Өткен аптада Көкпекті ауданындағы кәсіпкер жергілікті билік солярка бөлмегендіктен егін жинай алмай отырғандығын мәлімдеген.

-  Оған 22 тонна дизель отыны бөлінген, - дейді ШҚО Ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Уәлиев. – Алайда тексеріс жүргізілгенде оның ешқандай да егін екпегені анықталған. 1600 гектар жері бос жатыр. Сондықтан оған дизельді отынды берудің қажеті қанша? Оның үстіне арзан бағаға?

Амангелді Ілиясұлы айтқандай ол жауапсыз кәсіпкер ешқандай жауапқа тартылмайды. Керісінше, келесі жылы өз жер аумағына егін егетін болса, мемлекет тарапынан көмек көрсетіле береді.

Сонымен қатар, Ауылшаруашылық басқармасының басшысы дизельді отын бойынша уайымдайдың реті жоқ.

-  Дизель жеткілікті. Министрлік күзгі науқан жұмыстары үшін 25 мың тонна дизель бөлді, - дейді Амангелді Ілияұлы. – Ал астықты кептіруге қосымша 5 мың тонна бөлінді. Бұрын дизельдің 1 литрі үшін жеңілдетілген баға 94 теңге болса, 15 қазаннан бастап акцизі жоғарлатылды. Әзірге жаңа бағасын айта алмаймыз.

Ал әлі жиналмай жатқан күнбағыс үшін уайымдаудың қажеті жоқ. Өйткені күнбағысты жинау мерзімі қазан айының аяғына дейін жүргізіледі.


Следующая →