ШҚО халық табысы бойынша ҚР-да алтыншы орында

ranking.kz сайтының мәліметінше өткен жылы 2014 жылмен салыстырғанда аймақ халқы орташа есеппен 5%-ға артық ақша алға
17 мамыр 2016 года, 08:01 2415
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Восточно-Казахстанская область занимает шестое место в РК по доходам населения
Ақпарат көзі: © Устинка Live Фото: © today.kz
ҚР ҰЭМ статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылдың төртінші тоқсанындағы орташа жиынтық табыс дәл осынша мөлшерге артқан. Яғни, 126,2 мың теңгені құраған. Бұл соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Салыстыра қарасақ, өткен жылдың соңында инфляция деңгейі 13,6%-ға жеткен.

Ал алдыңғы жылдың соңғы тоқсанында орташа жиынтық табысы жоғары аймақтар оның жылдық өсу қарқыны бойынша да көш бастады. Алматыда көрсеткіш 7,5%.-ға артса (жан басына 212,5 мың теңге), Астанада - 8,7%,Маңғыстау облысында да (155,8 мың) - 8,7%.

Ал елдегі кіріс деңгейі төмен Жамбыл және Қызылорда облыстарында (91,1 мың және 86,3 мың) өсім орнына, 2% және 2,5% төмендеу байқалған.

Халықтың кіріс көздері:

69% - жалдамалы жұмыс;

13,7% - зейнетақы;

11% - өзін өзі жұмыспен қамту және кәсіпкерлік

6,5% - жәрдемақы, шәкіртақы, жеке меншік кірісі, туған-туыс көмегі, т.б.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз