Президент тасқын салдарынан баспанасынан айырылғандарға сапалы үй салуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр Олжас Бектенов есеп берді
Ол су тасқыны салдарын жою және табиғат апатынан зардап шеккен, ең алдымен, эвакуациялық пункттердегі азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді.
Жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті, - деп атап өтті Президент. - Сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу және жұртшылықтың орынды талап-тілегін орындау жөніндегі мемлекеттік саясат пен қабылданып жатқан шараларды нақты түсіндіруге тиіс.
Сонымен қатар Үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек.