Шекаралық облыстардың әкімдері ҚХР делегациясымен кездесті
Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланды
Шекара маңында орналасқан облыстардың әкімдері ҚХР делегациясымен бірлескен кездесуге қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Алматы қаласында ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьер-Министрінің орынбасары Лю Гочжун еліміздің шекара маңында орналасқан аймақтар: Абай, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарының әкімдерімен бірлескен кездесу өткізді.
Кездесуде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты дамыту, су үнемдеу технологияларын пайдалану, тау-кен өнеркәсібі мен туризмді дамыту бойынша және ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. ҚХР өкілдері еліміздегі баламалы энергия көздерін дамытуға өз көмегін тигізуге әзір екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, екі ел студенттері арасындағы академиялық алмасу және мәдениет саласындағы серіктестік мәселесі талқыланды.