Тасқыннан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы көмек алды
Республиканың судан зардап шеккен аймақтарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға 24 835 өтінім түскен
Биылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша 16 168 отбасы 5,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Үкіметінің ақпаратына сүйеніп.
Мал басының шығыны үшін берілетін төлем көлемі 916 млн теңгеден асты.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 4556 тұрғын үй тексеріліп, 2845 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді, - деп мәлімдеді ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі. - Жөндеу жұмыстарын жүргізуге және тұрғын үйді қалпына келтіруге 696 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Аталған көмек 530 отбасын қамтыды.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында тағы 53 отбасыға қираған баспаналарының орнына үйлер мен пәтерлер берілді.
Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі
.