Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

15 наурыз – Қайырымдылық пен мейірімділік күні

Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікті насихаттауға арналған

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / 15 наурыз – Қайырымдылық пен мейірімділік күні
Фото:
freepik.com

Жалпы, игі істер дәстүрін тарату қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Наурызнаманы мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, қадірін арттыру аса маңызды, өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болатын.

Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді. 

Ресми түрде Наурызнаманың бір күнін осы тақырыпқа арнау – азаматтардың сана-сезіміне осындай қозғау салу тетіктерінің бірі.

Наурыз осылайша ынтымақ, азаматтық жауапкершілік пен мұқтаж жандарға қолдау көрсететін жарқын кезеңге айналады. Бұл жерде мәселе тек материалдық көмек көрсетуде емес, сонымен қатар рухани қолдау, көңілді серпілту, жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды.

Сонымен қатар, 15 наурыз мұсылмандар үшін қасиетті ай Рамазанның бірінші жұмасымен сәйкес келеді. Бұл айдың ізгілік пен мейірімділікке үндейтін құндылықтары Наурыздың мазмұнымен толықтай үйлесетінін ескере отырып, барлық өңірлерде ауызашар шаралары өткізіледі.

Мемлекет тарихында ерекше рөл атқаратын Ұлттық құрылтай отырысы да дәл осы күндері өткізілуде. Бұл диалог алаңын құру бастамасы алғаш рет 2022 жылы Президент Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылды. Құрылтай шақыру – ежелден келе жатқан игі дәстүр, оны ата-бабаларымыз аса маңызды мәселелерді талқылап, мемлекеттік деңгейдегі шешімдер қабылдау үшін шақыратын болған. Құрылтайда қабылданған шешімге барша халық ден қойған. 

Ұлттық құрылтайдың Наурызнама ішінде өткізілуі – ұрпақтар сабақтастығы мен елді жаңғырту жолында бірігудің және баршаға ортақ құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын білдіреді.

Айта кетейік, кеше Атырауда III Ұлттық құрылтай басталды. Екі күнге жалғасатын жиында барлық өңірден келген құрылтай мүшелері ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелерді талқылайды.

Следующая →
Тақырыптар: Наурыз мейрамы