Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жазда Алакөл бағытында пойыздарда 270 мыңнан астам орын ұсынылады

Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 маршрут Алакөл бағытында жүретін болады

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Жазда Алакөл бағытында пойыздарда 270 мыңнан астам орын ұсынылады
Фото:
ҚТЖ баспасөз қызметі

ҚТЖ-да өткен кеңесте Алакөл көлінің танымал курорттық аймағы бағытында жазғы тасымалдарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оған "Атамекен" ҰКП, салалық қауымдастықтардың, туристік операторлардың өкілдері және турбазалардың иелері қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, соңғы жылдары көл бағытындағы пойыз сапарларына сұраныс артып келеді. 2023 жылы Алакөлге теміржол көлігімен 254 мың жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы деңгейден екі есе өсті. Алдағы жазда пойыздарда ұсынылған орындардың саны 16 мыңға артып, 270 мыңнан асады.

Тасымалдауды қамтамасыз ету үшін ҚТЖ өзінің жылжымалы құрам паркін барынша пайдаланады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 маршрут Алакөл бағытында жүретін болады. Курорттық аймаққа жіберілетін пойыздар құрамына негізінен ауа баптағыштары бар жылжымалы құрамдар кіреді, - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі. - Аялдамалар туристер үшін ең танымал орындарда – Жалаңашкөл, Ақши, Бескөл станцияларында қарастырылған. Туристік маусымның қызған шағында Жалаңашкөл станциясының вокзалында жолаушылар ағыны тәулігіне 800 жуық жолаушыны, Ақши - тәулігіне 550-ге жуық жолаушыны, Бескөл-тәулігіне 220-ға жуық жолаушыны құрайды. Жолаушылар ағынының ұлғаюын ескере отырып, станциялардың вокзалдарында жолаушылардың жайлы және қауіпсіз болуы үшін жағдайлар жасалады.

Соңғы үш жылда Жалаңашкөл станциясында жолаушылар платформасы 6 есе - 650 м-ге дейін ұзартылды. Тротуарлар төселді, вокзал ғимараты жөнделді, жарықтандырылған 24 шатыр орнатылды, рельстері мен пандусы бар баспалдақтар орнатылды. Сонымен қатар, орындықтар мен урналар орнатылды. Ақши станциясының вокзал маңы аумағында жарықтандыру нүктелерінің саны артты. Бескөл станциясында вокзал ғимараты жөнделді, дауыс зорайтқыш байланыс динамиктерінің, орындықтардың, қоқыс жинауға арналған урналардың саны артты. Вокзалдар ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға бейімделген: күту залында мүгедектер арбалары, пандус, арнайы орындар бар.

Кеңесте бизнес өкілдері ҚТЖ, ҰКП және туроператорлар арасында туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тығыз сындарлы диалог орнатылғаны аталып өтілді. Олардың пікірінше, соңғы жылдары ҚТЖ пойыздарында сервис жақсарды және жолсеріктердің құзыреттілігі артты.

Бизнес өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚТЖ Туроператорлар нақты қажеттілікті ұсынған кезде Павлодар, Шымкент және Қызылордан Алакөл көліне дейінгі біржолғы пойыздарды ұйымдастыруды қарастыруға дайын екендіктерін атап өтті. Туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте брондау тәртібі әлі де қолданылады - пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәулік. Ең жоғары кезеңде билеттерді "Күту парағы" қызметін пайдалану арқылы сатып алуға болады.

Сондай-ақ, ҚТЖ сапар көліктің бірнеше түрінің көмегімен жасалған кезде интермодальды тасымалдауды дамыту бойынша әуе тасымалдаушылармен және туроператорлармен ынтымақтасуға дайын.

Следующая →