Алматыда тағы да жер сілкінісі сезілді
Алматы мен Талғар қалаларында 2 балдық жер дүмпулері тіркелген
Зілзала ошағы Алматыдан 287 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС бүгін (Гринвич бойынша 26 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 02 сағат 01 минут 28 секундта) жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың энергетикалық класы 12.7. Магнитудасы 5.7 MPV. Бағыты 41.32° с.е. 78.84° ш.б. жатыр. Тереңдігі 10 км. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта Қытай аумағына жатыр. Алматы қалалық ТЖД мәліметіне сүйенсек, Алматы мен Талғар қалаларында жер дүмпуі 2 балдық болды.
Біраз уақыттан кейін тағы бірнеше жер асты дүмпуі болды - сағат 03.11, 04.38, 06.17 және 07.14-те.
Сейсмикалық станциялар желісі 26 қаңтарда сағат 07.55-те Алматы уақытымен жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 287 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. MPV магнитудасы - 5,5, - делінген хабарламада.