Өскемендік конденсаторлар ТМД елдерінде сұранысқа ие
Шығыс Қазақстан облысының әкімі конденсатор зауытының жұмысымен танысты
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев конденсатор зауытында болып, өндіріс орнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
ТМД елдерінің арасында өнімдерімен танымал өнеркәсіп орнына биыл 65 жыл толады. Қазіргі уақытта зауытта 240 жұмысшы еңбек етуде.
Біз әлемдік танымал кәсіпорындармен жұмыс істеу мақсатында бірінші кезекте сапаға көптеп көңіл бөлеміз. Сондай-ақ, еліміздегі ішкі нарықтың 90% сұранысын қамтамасыз етіп, шетелдік өнімдерді белсенді түрде алмастырып келеміз. Қазірдің өзінде біздің конденсаторлар ТМД елдерінде жоғары сұранысқа ие, – деді Өскемен конденсатор зауытының бас директоры Владимир Аксенов.
Айта кетсек, аталмыш зауыттың құрылысы 1953 жылы басталып, 1959 жылы 1000 дана көлемінде алғашқы өнімін шығарып, кәсібін бастаған.