Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен қаласында әйелдер арасында ITF World Tennis Tour W25 турнирі жалғасуда

Өскемендік теннисші Малика ресейлік спортшыдан жеңілгенімен, ертең жұптық кездесуге шығады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен қаласында әйелдер арасында ITF World Tennis Tour W25 турнирі жалғасуда
Фото:
Қазақстан теннис федерациясынан

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық Гөзал Айнитдинова алғашқы айналымда Израиль өкілі Коэн Сапирмен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазақстандық спортшы қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен оңай жеңді.

Гөзал Айнитдинова ширек финалға шығу үшін отандасы, осы жарыстың 6-ракеткасы Жібек Құламбаевамен таласады.

Өскемен теннисінің жас жұлдыздары Татьяна Николенко мен 14 жастағы Малика Әмірғалиева екінші айналымға шыға алмады. Татьяна Николенко ресейлік Екатерина Маклаковаға еш қарсылық көрсете алмады – 0:6, 0:6.

Маликаның әлемдік рейтингте 1473-орында тұрған 21 жастағы ресейлік Арина Соломатинамен матчы тартысты өрбіді. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде ресейлік спортшы 3:6, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен Малика Әмірғалиева додада қалады, ол ертең ширек финалда жұптық кездесуін өткізеді.

Следующая →
Тақырыптар: Өскемен Теннис Малика