Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Интернет алаяқтарымен күрес жұмысы Президенттің бақылауында

Телефон алаяқтарымен күресудің жаңа тәсілдері ІІМ басшысы мен цифрландыру министрлігінің бірлескен отырысында талқыланды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Интернет алаяқтарымен күрес жұмысы Президенттің бақылауында

Соңғы алты жылда интернет-алаяқтар тым көбейіп кетті. Егер 2016 жылы осындай 1 мың қылмыс орын алса, 2021 жылы 21 мың қылмыс тіркелген. 

Жыл басынан бері 11 763 оқиға тіркеліп, 7 млрд теңгеге залал келтірілді, 571 интернет-алаяқ ұсталды және 17 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, - деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

 Интернет алаяқтар жеке тұлғалардың банк шотында сақталған сомалар туралы ақпаратты қалай алатыны белгісіз. Дегенмен алаяқтың шоттағы ақшаны біліп отыруының өзі секем тудыратыны сөзсіз.

Менің Каспи банктегі депозитімде 570 мың теңге болды. Маған банк басшылығынанмын деп хабарласқан адам бұл ақшаны алаяқтықтан сақтау үшін арнайы сақтандыру шотына аудару керек деп сендірді. Бастапқыда сенбей, тұтқаны қоя салдым. Бірақ артынша қайта қоңырау шалып, бір сағат бойы тілдескен соң қалай көнгенімді өзім аңғармай қалдым. Сөзі түзу, сендірді. Кейін ол депозитімдегі ақшаны аударып алғанмен қоймай, менің атымнан несие де рәсімдеп үлгеріпті. Бірақ несиені банк филиалына барып, тоқтатып үлгердім. Кейін полиция бөліміне арызданғанымда тәртіп сақшылары ақшаның Белорусияда шешілгенін, ал өзінің Ресей елінде жүргенін анықталғанын айтты. «Енді алаяқты неге ұстамайсыздар?» дегенімде, «Сенің 570 мың теңгең үшін халықаралық іздеу жарияламаймыз» деп нақты жауап берді, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Марина Маратовна. 

 Бәлкім ішкі істер қызметкерлері барлық арыздары қабылдап, тіркеп отырғанда халықтың алданған сомасы 7 млрд теңге емес, одан да көп болар ма еді... Кездесу барысында Ішкі істер министрі интернет-алаяқтық мәселесі мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті.

Следующая →