Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны екі есеге артпақ

Қазақстан мен Түркияның авиациялық билік органдары арасында ресми келіссөздер жүргізілді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны екі есеге артпақ

Келіссөздерге қазақстандық Air Astana және SCAT әуе компанияларының өкілдері, сондай-ақ түрік әуе компанияларының Turkish Airlines, Pegasus Airlines, Tailwind Airlines, Freebird Airlines өкілдері қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы рұқсат етілген рейстердің саны 2 есеге артпақ. Әр тарап бойынша аптасына 40-тан 93 рейске дейін, оның ішінде Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл бағыты бойынша рейстер санын 7-ден 14-ке дейін, Алматы – Ыстамбұл бағыты бойынша аптасына 13-тен 21-ге дейін арттыру, сондай-ақ екі ел аумағындағы рейстерге арналған жаңа қалалар қосу туралы келісім жасалды. 

Бәсекелестікті дамыту және әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында қазақстандық тараптың бастамасымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Ыстамбұл қалалар аралығындағы бағыттарда баламалы екінші әуе тасымалдаушыларын міндетті түрде белгілеу бекітілген, бұл жолаушылар үшін әуе компаниялары арасындағы таңдауды кеңейтеді", - деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Елдер арасындағы рейстер санының айтарлықтай артуы ТМД елдерінен Түркияға Қазақстанның әуе тораптары арқылы өсіп келе жатқан транзиттік жолаушылар ағынын қамтамасыз етуге де ықпал етеді.

Следующая →