Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы субұрқақтар санитарлық номаға сай емес

Фонтанда шомылу жіті ішек инфекциясына, респираторлық инфекцияға әкелуі мүмкін, ал негізгі қауіп – энтеровирустық, ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ А вирустық гепатиті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы субұрқақтар санитарлық номаға сай емес

Жазда балалардың сүйікті ойын-сауықтарының бірі – субұрқақтарда шомылу. Аптап ыстықта тіпті ересектер де фонтан суына шомылады. Мұндай ермек өте қауіпті.

Қалалық субұрқақтардағы су шомылуға арналмаған. Оның құрамына денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретін түрлі химиялық заттар қосылады. Әр түрлі инфекцияларды жұқтыру қаупі бар. Сіз тек инфекция жұқтырып қана қоймай, ауруды таратушы болуыңыз да ықтимал, - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау комитетін. 

 Жыл сайын Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау комитеті мамырдан қыркүйекке дейінгі айларда су сынамаларын алып вирустық санитариялық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштерін тексереді, субұрқақ кешендерінің су сапасына мониторинг жүргізеді. 

Бүгінгі таңда елімізде 643 субұрқақ жұмыс істейді, оның 318-і (49,4%) зертханалық бақылаумен қамтылған. Ағымдағы жылы вирусологиялық көрсеткіштерге 197 су сынамасы, бактериологиялық көрсеткіштерге 76 су сынамасы және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 47 су сынамасы алынды. Сәйкес келмейтін сынамалардың негізгі көлемі (9,1%) вирусологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған, - деп қосты комитеттегілер. 

 Зерттеу нәтижелері бойынша Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы субұрқақтардағы су көрсеткіштері қауіпті болы шыққан. Қалған өңірлердегі су сынамаларының нәтижелері нормаланатын көрсеткіштер шегінде. 

Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау комитеті су мониторингінің нәтижелері бойынша шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға, аумақтық полиция департаменттеріне, сондай-ақ субұрқақтарға қызмет көрсететін ұйымдарға ұсынымхаттар жолдады.

Следующая →