Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бюджетке 15 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 8 мыңнан астам заң бұзушылық жойылды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Бюджетке 15 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды

Бюджетке 15 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылғанын және әр түрлі жауапкершілікке 14,5 мың адам тартылғанын жабарлады. 

Кедендік реттеу және сұйытылған мұнай газы нарығы саласында тәртіп орнатылды. Елеулі бұзушылықтар, ұрлық пен сыбайлас жемқорлықтың «көлеңкелі» схемалары ашылды. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, медициналық бұйымдарға баға белгілеу мәселелері, ірі көтерме сауда базарларының қызметі және т. б. бойынша тексерулер жүргізілді, - деп атап өтті Бас Прокуратураның баспасөз қызметі. 

 Сонымен қатар, 184 мыңнан астам адамның еңбек құқықтары қалпына келтірілді, 1,1 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек өтелді. Азаматтық, әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 2,1 мыңнан астам сот актілері түзетілді, 6,7 млрд теңгеге бюджет шығындарының алдын алынды. 

Қадағалаудың басым бағыттарының бірі – бизнесті қорғауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Мәселен, кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар бойынша 845 қадағалау актісі енгізілді, 212 млн теңгеден астам сомаға 5,5 мың әкімшілік өндіру тоқтатылды, 6,2 мыңнан астам заңсыз тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандарының жолы кесілді және күші жойылды, 650-ден астам адам жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Бас Прокуратураның баспасөз қызметі. 


Следующая →