Өскемен
облачно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -15°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -8°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ауру жұқтырған мал өз иесін таптап тастаған

Абыралы ауылындағы малдарға белгісіз індет жұғып, 26 бас мал қырылған

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Ауру жұқтырған мал өз иесін таптап тастаған

Семей облысындағы Абыралы ауылының тұрғындары малдар қандай дертті жұқтырғанын біле алмай отырғанына бір айдан асты. 

Менің шаруа қожалғымда 26 бас мал өлді. Тағы 6-7 бас мал ауырып тұр. Ветеринарлар анализ алып, пастереллез деген диагназ қойды. Бірақ мен ол диагнозға сеніңкіремеймін. Себебі белгілері мүлдем ұқсамайды. Бұл құтыруға келеді. Өйткені менің әкем ауырып тұрған малды көруге келгенде ол жануар әкемді сүзіп құлатып, үстіне шығып таптап тастады. Абырой болғанда, әкем аман қалды. 10 шақты күн ауруханада жатып шықты. Қолы, бұғанасы сынып, бас ми-сүйегі зақымданды, - дейді «Санжар» шаруашылығының иесі Санжар Мубараков. 

 Алынған сараптамалардың нәтижесінде «Санжар» шаруа қожалығының малдары пастереллез ауруына шалдыққаны белгілі болып, қожалық карантинге жабылды. Ғаламтор желісінде «Ірі қара малдың пастереллезі - қауіпті жұқпалы ауру, ол бірнеше күннің ішінде сиырдың өліміне әкеледі. Сонымен қатар, бұл ауру басқа үй жануарларына, құстарға және адамдарға да таралады. Сондықтан бұл аурудың негізгі көріністерін білу және оны бейтараптандыру үшін уақтылы шаралар қабылдау өте маңызды» деген анықтама беріледі. Алайда жергілікті ветеринария қызметі ауру адамға жұқпайды, тек мал арасында таралатынын алға тартуда.

Пастереллез адамға жұқпайды, тек мал арасында таралатын ауру. Біз бұл аурудың алдын алу үшін екпе жұмыстарын жүргіздік, - деді ветеринар Айдын мырза.

 «Санжар» шаруа қожалығындағы алғашқы мал өлімі 12 маусымда тіркелген. Ал ветеринария қызметі пастереллездің алдын ал үшін профилактикалық егу жұмыстарын тек 16 маусымда жүргізген екен.

Бізге вакциналар қалай келеді, біз солай егу жұмыстарын жүргіземіз. Негізінде пастереллезге қарсы екпе егу маусым айына жоспарланған. Сондықтан біз маусым айында егу жұмыстарын жүргіздік, - деді де телефонның тұтқасын қоя салды жергілікті ветеринар маманы. 

Пастереллезді тек медициналық жолмен емдеуге болады және ем неғұрлым ертерек басталса, жануарды аман алып қалу мүмкіндігі соғұрлым жоғары.

Біз малдағы ауру пастареллез екенін естігенде Ресейден арнайы дәрі-дәрмек алып, малдарға ектік, бірақ ешқандай нәтиже болмады. Малдар әлі де өліп жатыр. Сондықтан мен бұл ауру пастереллез дегенге келіспеймін, - дейді Санжар Мубараков.

 Малдың бойындағы пастереллезді анықтау үшін алынатын сынаманың өзі 7 мың теңге тұрады. Сау мен ауру малды бір-бірінен ажырату үшін қомақты қаражат қажет. Өйткені «Санжар» шаруа қожалығында кемінде 500 бас ірі қара бар. 

Қазіргі уақытта Абыралыдағы малдардың қандай дертке шалдыққанын анықтау үшін аудан, облыстан арнайы комиссия келіп тексеру жүргізіп жатыр. Күні кеше ғана «Қызыл тас» шаруа қожалығының малдарынан сынама алынды. Бірақ бұл шаруашылықта малдардың өлімі тіркелмеді және аурудың симптомдық белгілері де мүлдем басқадай. 

 Менің қожалығымда 30 бас мал ауырып тұр. Кеше ғана бір малды сынама алу үшін сойдым. Енді нәтижесін күтеміз, - деді «Қызыл тас» шаруа қожалығының иесі Еркебұлан мырза. 

Әзірге белгісіз ауру тек екі шаруа қожалығының малдарынан шығып отыр. Бұл қожалықтардың малдары бірге жайылмайды. Сондықтан малдардағы ауру да екі түрлі болуы әбден мүмкін.

Следующая →