Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ырғызбай Досқанаұлы атындағы қазақ күресінен Әлемдік Гран При өтеді

Тарбағатай ауданында аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ас беріліп, халықаралық жарыс өткізіледі

Орта жүзге белгілі халық емшісі, әулие, көріпкел Ырғызбай Досқанаұлы 1787 жылы Күмісті бастауында Найман ішіндегі мәмбетқұл руынан шыққан. Ырғызбай жасынан шипалы шөптерді пайдалана отырып, талайдың дертін жазып емдеген. Ол аурулардың тамырын ұстап, алақанына, тырнағына, бет-әлпетіне қарап аурудың түрін ажыратып, шипалы тамыр-шөптерден дәрі-дәрмекті өзі дайындаған. Сондай-ақ қолмен сылап-сипау арқылы да ем-дом жасаған және көріпкелдік қасиеті де үлкен болған. Ол алыстан қиналып келе жатқан науқасты күні бұрын болжаған, сырқаттарды ақысыз-пұлсыз емдеп, ауқаттылардың берген дүниесін, пұлын жетім-жесірлерге, кедей-кепшіктерге үлестірген. 

Тарихта белгілі ұлы тұлғаның құрметіне арналып Тарбағатай ауданында аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ас беріліп, Қазақстан, Ресей, Грузия, Польша, Украина, Чехия, Дания, Түркия, Иран, Латвия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Литва, Эстония, Тәжікстан және Түркіменстан мемлекеттерінен балуандар шақыртылып, қазақ күресінен халықаралық Гран При өткізіледі. 

Халықаралық күрестен бөлек, «Тұғыры биік Тарбағатай» өнер және спорт фестивалі аясында республикалық ырғызбай досқанаұлы атындағы жас балалар(қари)арасындағы құран жарысы өткізіледі. Барлық шара 29-31 шілде аралағында ұйымдастырылады.

Следующая →