Қазақстандықтар смартфондардың көмегімен есірткі айналымына қарсы күреске көмектесе алады
Жоба нашақорлықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастар арасында осы проблеманы шешу саласында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған
Енді еліміздің барлық азаматтары ең ауыр әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылатын есірткі қылмысының алдын алу мен оған қарсы іс-қимылға өз үлестерін қоса алады.
Қазақстан тұрғындары есірткі сату фактілері мен нүктелері туралы, сондай-ақ оларға қатысты азаматтар туралы @stopnarkotikkzbot немесе whatsapp +7 (700) 520 10 01 телеграмм ботына жаза алады.
Алынған ақпарат жедел әрекет ету тобына түседі, содан кейін дереу шаралар қабылданады. Сондай-ақ, нашақорлар мен олардың туыстары үшін адвокат пен психолог осы арналар арқылы кеңес береді.