23 мамыр: бүгін тарихта
Устинка LIVE ақпараттық порталы осы күндегі маңызды күндер мен оқиғалар туралы баяндайды
Ақпарат sputnik.kz сайтының материалдары бойынша дайындалған.
Бүгін әлемде:
Дүниежүзілік Тасбақа күні
Әзірбайжан экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлер күні
Канададағы Виктория күні
Абхазиядағы қасиетті Елші Саймон Кананит күні
Бұл күн тарихта:
1922 жылы Уолт Дисней "Лаф-о-Грам Филмз" деп аталатын алғашқы компаниясын құрды. Алайда ол банкротқа ұшырады; 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ өнері мен әдебиеті онкүндігінің қорытынды концертінде Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптары оркестрі "Адай", "Серпер", "Көбік шашқан", "Қос алқа", "Қызыл бидай" күйлерін, ал танымал әнші Жамал Омарова "Қараторғай" пен "Ертіс" әндерін орындады;
1971 жылы Риек әуежайында Aviogenex компаниясының Ту-134 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 78 адам қайтыс болды. Бұл - Ту-134 тарихындағы алғашқы апат;
1985 жылы АҚШ-та бір әйел жасанды ұрықтандырумен жеті бірдей баланы дүниеге әкелді. Олардың үшеуі ғана аман қалды. Бірақ бәрінде патологиялық ауытқулар болды. 1987 жылы КСРО-да "Америка дауысы" радиостанциясын өшіріп тұруды тоқтатты;
1988 жылы Мишель Платини үлкен футболмен қошасты;
1992 жылы ТМД елдерінің стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарын қысқарту туралы Лиссабон хаттамасына қол қойылды;
2006 жылы аризоналық жеті жасар Брэкстон Билбрей Сан-Франциско шығанағын 47 минутта жүзіп өтті. Алькатрас аралы мен Сан-Франциско авкапаркіне дейінгі екі шақырымнан астам арақашықтықта судың температурасы -13 градус болған. Осылайша, кішкентай Брэкстон 1962 жылы әйгілі Алькатрас абақтысынан қашқан америкалық қылмыскерлер - Фрэнк Ли Моррис пен ағайынды Энглиндер жүзіп өткен жолдың жартысын қайталады.
Бұл күні дүниеге келді:
1906 жылы танымал синолог, қытайтанушы Георгий Қара-Мырза дүниеге келді;
1908 жылы америкалық физик, транзисторды ойлап тапқан ғалым, Нобель сыйлығының екі мәрте иегері Джон Бардин дүниеге келді;
1925 жылы америкалық генетик және биохимик, физиология мен медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Джошуа Ледерберг дүниеге келді;
1951 жылы шахматтан дүниежүзінің 12-ші чемпионы, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер, шахматтан "Оскар" жүлдесінің тоғыз мәрте иегері Анатолий Карпов дүниеге келді;
1924 жылы қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, тарих ғылымының докторы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кемал Ақышев дүниеге келді;
1941 жылы қоғам қайраткері, жазушы Әділ Ахметов дүниеге келді; 1946 жылы қолөнер шебері, этнограф-ғалым Дәркембай Шоқпаров дүниеге келді.