Президент қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
Отан қорғаушылар мемлекеттік мерекесін Қазақстанда 7 мамыр күні атап өтеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республика азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, әскери қызметкерлерге елдегі бейбітшілік пен мемлекет аумағының тұтастығын қорғағаны үшін алғысын білдірді.
Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке біздің батыр бабаларымыз бен қазіргі ұрпақтарымыздың Отанға қызмет етуінің даңқты дәстүрлерінің терең байланысын білдіреді", - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы Отанды қорғау – қасиетті парыз және жауапты миссия екенін атап өтті. "Әскери антқа адал нағыз патриоттар біздің халқымызда әрқашан ерекше құрметке ие болды", - деді ол.
Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толады. Осы аралықта біздің әскер еліміздің Тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің мызғымас тірегіне айналды. Қорғаныс әлеуетін нығайту, әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығын арттыру және оларды жан - жақты қолдау - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. - Сарбаздар мен командирлерге еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты, Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын қорғағаны үшін алғысымды білдіремін. Біздің айбынды жауынгерлеріміз халықтың сенімін ақтайтынына сенімдімін!
Президент еліміздің барлық азаматтарына амандық пен табыс тіледі.