Тыңшылықпен айналысты деген күдікпен шетел азаматы тұтқындалды
Қазақстанның арнайы қызметі тыңшылық, мемлекетке сатқындық жасады және құпияны жария етті деген күдікпен бірнеше азаматты ұстады, оның ішінде шетел азаматы да бар
Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен бір топ адамды, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
ҚР ҚК-ның 175-бабы, 1-бөлігі («Мемлекетке опасыздық жасау»), 176-бабы («Тыңшылық») және 185-бабы, 3-бөлігі («Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету») бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар. Осыған байланысты ақпарат берілмейді, – делінген хабарламада.