ШҚО тас жолдарының бірі жабылады
ШҚО ТЖ департаментінің құтқарушылары көшкін түсу қаупіне байланысты республикалық маңызы бар жолды жабады

Фото:
Устинка LIVE
"Казахавтодор" ЖШС хабарлағандай Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнарлары (Ушанов ауылының 7-66-шы шақырымынан – Серебрянскі бұрылысына және Берелдің 420-450-ші шақырымынан Рахман қайнарлары шипажайына дейін) жол жабылады.
Қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол бүгін 20.00-ден бастап жабық.