Өскемендегі жолдарға белгілер салына бастады
Жол белгілерін салу жұмыстарымен облыс орталығындағы жолдарға жауапты «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының мамандары айналысуда
Коммуналдық кәсіпорынның әлеуметтік желідегі ресми сайтында жұмыстардың басталғандығы туралы хабарланған.
Мәлім болғандай қазіргі уақытта Сәтпаев даңғылы бойында жұмыстар жүріп жатыр.
Абай даңғылы бойында шұңқырларды бітеу жұмыстары жалғасын табуда. Айта кеткен жөн, көлік иелері коммуналдық мекеме қызметкерлері кейін асфальт төгу үшін дайындап, қазып кеткен ойықтарға белгі қойылса деп сұрайды. Өйткені кей жерлердегі ойықтар көрінбей қалып, көліктерге зақым келтіруде.