Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары басталды

ШҚО әкімінің өкімі бойынша су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңірде арнайы құрылған топтардың жұмысы басталды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Особые группы подготовки к паводковому периоду сформировали в ВКО
Фото:
ДЧС ВКО

ШҚО әкімі Даниал Ахметов облысты көктемгі су тасқынына дайындаумен айналысатын мамандардың арнайы топтарын құруды тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жұмыс бөлімшелеріне жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ШҚО ТЖД, "Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" РММ және басқа да мүдделі органдардың мамандары кірді.

Топтар Бородулиха, Абай, Катонқарағай аудандарына барып, қар шығару және су өткізу құбырлары мен каналдарды тазалау бойынша жұмыстарды бағалады, нөсер кәрізін, ГТҚ-ның жай-күйін, қажетті материалдық-техникалық құралдарды дайындауды және халықпен алдын алу жұмыстарын жүргізуді, өзендерде жоспарланған жарылыс жұмыстарының орындарын көрді, тасқын суларды апатсыз өткізуге қажетті шараларға алдын ала баға берілді.

Топтар кәсіпкерлермен азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектерді жеткізуге, адамдарды орналастыруға, азық-түлік тауарларын жеткізуге және көлік қызметтерін көрсетуге, ТЖ болған жағдайда ЖЖМ жеткізуге ниет-шарттарының жасалғанын тексерді. Әкімдікте және ауылдық округтерде жауапты лауазымды тұлғалардың тәулік бойы кезекшілік кестесі анықталды, су тасқыны кезеңінде ТЖ болған жағдайда халықты хабардар ету схемасы анықталды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД.

Осындай тәсілмен жүргізілген мамандардың мониторингі ТЖ кезінде уақтылы әрекет етуге және кемшіліктерді уақытылы жоюға мүмкіндік береді.

"Қазгидромет" наурыз айынан бастап апта сайын негізгі гидрологиялық болжамдарды ұсынып, су тасқыны қаупі туралы алдын ала 2-3 тәулік бұрын хабарлайтын болады.

Арнайы құрылған топтардың жұмысы бүкіл облыс бойынша жалғасады, су тасқыны кезеңіне жақындау және оған дайындық жағдайы ерекше бақылауда.

Жалпы, облыс бойынша каналдар мен арықтарды, су өткізу құрылыстары мен көпірлерді тазарту жұмыстары басталды, 222 мың текше метр қар шығарылды, 85 мың дана қаптар, 6 мың тонна инертті материалдар, 659 тонна ЖЖМ дайындалды.

Фото:
ДЧС ВКО
Следующая →