Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұландағы екі ауылға бір дәрігер жете ме?

Шығыс Қазақстанда бүтін бір ауыл өркениеттен құр қалып отыр. Ұлан ауданы Украинка ауылында интернеттің болмағандығы былай тұрсын, тіпті ауылда дәрігер де жоқ

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұландағы екі ауылға бір дәрігер жете ме?
Фото:
редакция мұрағатынан

Бір қарағанда Өскеменнің іргесінде тұрғанымен, мұндағы жағдай өзгеше. Тұрғындар мәселені осыған дейін де бірнеше рет көтерген. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ.

Дәрігер зейнетке шығып кеткен

Бүгінде әр өңірде ауылдарды дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалардың іске асырылып жатқаны белгілі. Осы үшін бюджеттен қыруар қаржының бөлінгені де рас. Өкінішке қарай, бұл бағдарламалардың игілігі кейбір ауылдарға жетпей қалып жатыр. Дәл осындай ауылдардың бірі - Ұлан ауданындағы Т. Тоқтаров ауылдық округіне қарасты Украинка ауылы. Ең қиыны аталған ауылда медбике де жоқ.

Бізде медбике де жоқ. Көрші Герасимовка ауылының ауруханасына барамыз. Казачьи, Украинка және Герасимовка үш ауыл бір округ болып саналамыз. Ол ауруханада терапевт және екі медбике бар. Қаланың іргесінде тұрсақ та, өркениеттің исі мұрынымызға да келмейді. Ауырсақ, шаһарға өз көлігімізбен барамыз. Ал кейбірінде көлік жоқ болғандықтан, жедел жәрдем шақыртамыз. Ол кейде уақытында келмейді. Заң бойынша бізге бірінші фельдшер дәрігер келуі керек. Содан кейін ғана жедел жәрдем келеді. Ауылда 650 адам бар. Біз адам аяғы баспайтын құлантүзде тұратын сияқтымыз. Өскеменнен 14 шақырым жерде тұрсақ та, ешқандай әкім көмек қолын созбай отыр, - дейді Украинка ауылының тұрғыны Инна Троеглазова.

Тұрғындардың айтуынша ауылға шақыртқан жедел жәрдем көлігі уақытында келмегендіктен қайғылы жағдай орын алыпты.

Ауылда фельдшер жоқ. Зейнетке шығып кетті. Медпункт жабық жатыр. Жас-тар келмейді. Мұнда көбінесе егде қарттар тұрады. Ауырсақ үйдегі ұсақ-түйек дәрі-дәрмекпен өз-өзімізді емдейміз. Енді не істейміз?! Қатты ауырып бара жатсақ, балаларды шақырамыз. Әнеу күні комада жатқан әйел жедел жәрдем шақырып, ол 2-3 күн келмей қойды. Келіншек қайтыс болды деп естідік. Бұрын жедел-жәрдемді Өскеменнен шақыртатынбыз. Қазір Таврияға қаратып қойды. Ауылда автобус дұрыс жүрмейді. Жол-жөнекей көлік тосып жетеміз. Ал қатты ауы-рып тұрған адам бара алмайды. Сондықтан бізге дәрігер керек. Мәселені облыс әкіміне де айттық. Бірақ нәтижесіз, - дейді ауыл тұрғыны Күләнда Құмарова.

Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігіндегілер тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын алға тартты.

Украинка ауылындағы дәрігердің зейнетке шығуына байланысты жас мамандарды шақыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жуық арада бұл мәселе шешімін табатын болады, - дейді Ұлан ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Санат Бекенұлы.

Аудан әкімінің орынбасары Қуат Оқасовтың айтуынша, Украинка тұрғындарын қазір Герасимовка ауылының фельдшері қарап жүр.

Герасимовка ауылында дәрігерлік амбулатория, Украинка ауылында ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт) бар. Казачье ауылы Герасимовка ауылының іргесінде орналасқандықтан сол ауылдың дәрігерлік амбулаториясында қызмет алады. Украинка ауылының фельдшері зейнетке шығуына орай жұмыстан кетті. Қазіргі уақытта Герасимовка дәрігерлік амбулаториясының фельдшері Украинка ауылының фельдшері қызметін уақытша қосымша атқаруда, - дейді Қуат Барысұлы.

Ғаламтор жылдамдығы нашар

Украинка ауылындағы екінші мәселе - мұнда интернет тартылмаған. Карантин кезінде сабақ қашықтықтан болған уақытта балалар тіпті тал басына шығып сабақ оқуға мәжбүр болған.

Ауылда интернет жоқ. Сеть ұстату үшін арнайы "тарелка" қойдыру керек. Бағасы удай қымбат. Жұмыссыз отырған біздің қалтамыз көтере бермейді. 75 000 теңге тұрады және ай сайын 6 500 теңге төлеу керек. Біздің ауылдың аяқ жағында тұратын балалар ағаштың үстіне шығып отырып сабақтарын орындайды. Мен осы жағдайды видеоға түсіріп алғанмын. Ата-аналары ауысымға жұмысқа кеткенде, балалар осы жерде отыр екен. Олардан неге ағашқа шығып алғандарын сұрағанымда олар "біз сабақ оқып отырмыз, интернет ұстамайды" деп жауап берді. Аудан әкімдігі осы мәселемізді шешіп берсе дейміз, - дейді ауыл тұрғыдарының бірі Инна Ивановна.

Бұл жағдайды осы ауылдағы өзге де ата-аналар мен мектеп оқушылары растап отыр.

Цифрландырудың сиқыры жетпеген ауылдың сиқы осындай. Аудан әкімдігі қашан екендігі белгісіз, бұйырған күні ғаламтор сапасын жақсартатындықтарын жеткізді.

Аталған ауылға интернет мәселесін шешу үшін антенна қоюды қарастырып отырмыз. Болашақта қоятын боламыз. Нақты айта алмаймын. Қазір жердің құжаттарын әзірлеудеміз, - дейді аудан әкімдігіндегілер.

Аудан әкімдігі де үш ауылда интернет жүйесі тартылғанын, алайда Украинка ауылында интернет жылдамдығы нашар екенін біледі. Бірақ әзірге ешқандай шара қарастырылмайтын сияқты.

Ауылға апаратын автобус бар ма?

Тағы бір айта кететіні - тұрғындар мұнда қатынас көліктерінің дұрыс жүрмейтінін айтты. Бұған ауылға 1,5 шақырым жерден бұрылмадан жаяу-жалпылы келе жатқан студенттерді көріп-ақ көз жеткіздік.

Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде оқимын. Ауылға автобус дұрыс жүрмегендіктен Семейге бара жатқан көліктерге мінгесеміз. Жолдан түсіп қалып, 2 шақырымдай жаяу жүреміз. Жазда онша қиындық тудырмағанымен, қыста тоңып кетеміз, - дейді Айгүл Ілесқызы.

Тұрғындар ауылда жағдай жасалмағандықтан жастар жаппай көшіп жатқанын айтуда.

Округтегі екі ауылға автобус барады да, бізге келмейді. 7 адамдық жеке меншік көліктері бар адамдар таксилетіп жүреді. Қалғанымыз жолға шығып көлік күтеміз. Жұмысқа немесе студенттер сабаққа барса да көлікті жолдан тосамыз. Біз осы жолы әкімге "автобус берсеңіздер" деп жалынғандай болдық. Өскеменге дейін 300 тг төлеуге дайынбыз деп айттық. Герасимовка 90 теңге төлейді. Бізге күніне үш уақыт жүрсе де жетеді. Зейнеткерлер қаладан дәрілерін әкеліп алсын, ең болмаса. Ауылдан жастар жаппай көшіп жатыр себебі ауылда жағдай жоқ, - дейді Инна Ивановна.

Мұнда кей кездері қыста жол тазаланбай қалатын көрінеді. Ондайда тұрғындар қолға күрек алып өздері іске кірісетінін айтты. Әкімнің жиналысында көмек сұраған тұрғындарға әкімдік "сіздерге жарық орнатып бердік" деп басу айтатынын халық өзі айтты.

3-4 жылда 5-6 көше жарығын орнатып еді, жиналыс сайын соны айтып "жұмыс істеп жатырмыз" дейді. Сонда бізде жарықтан басқа мәселе жоқ деп ойлай ма? Ол жарықтары бір көшеде ғана бар. Қалған көше қараңғы. Кейбірі жанып кетті, - дейді Күләнда Құмарова.

Ал әкімдіктегілер тұрғындардың өтінішін жерге қалдырмаймыз деп отыр. Ол үшін уақыт керек.

Газель автокөлігіне 15 адам сыяды. Кейде бір-екі адам ғана отыратындықтан уақыт кестесінің арасын ұзарттық. Биыл субсидия бөліп, аудан аралық көлік қатынасын іске қосуды қарастырып жатырмыз. Жарық мәселесіне келсек, аталған ауылға келер жылға жарық тарту бойынша бюджетке өтінім жіберілді, - дейді Санат Бустакбаев.

Жалпы бүгінгі күні Т. Тоқтаров ауылдық округінде барлығы 2317 адам тұрады, соның ішінде Герасимовка ауылында 1287 адам, Казачье ауылында 364 адам, Украинка ауылында 666 адам.

2020-2021 жылдары Т. Тоқтаров ауылдық округінде "Аумақтарды дамыту" бағдарламасының аясында Герасимовка ауылында су құбырлары желілері салынды (2021 жылы іске қосылды), - дейді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Қуат Оқасов. - 2020 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының аясында Герасимовка ауылында электрмен жабдықтау жүйелерін қайта құру, Герасимовка орта мектебінің ғимаратының шатыры мен дәретхана бөлмесінің ағымдағы жөндеуі жүргізілді. 2021 жылы Казачье ауылында "Казачье а. кіреберіс" автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді.

2022 жылы Украинка ауылында блоктық-модульдік су тазарту станцияларын
орнатуы жоспарлануда.

Следующая →