Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семейдегі қайта құрулар жөнінде сөз сөйледі

Аймақ басшысы шығыстың бұрынғы бас шаһарында халықпен кездесіп, Семейді дамытуға қатысты жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жобаларға тоқталды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / О преображениях Семея рассказал аким ВКО Даниал Ахметов
Фото:
Региональная служба коммуникаций ВКО

Шығыс Қазақстан облысындағы ең маңызды қалалардың бірін дамыту үшін облыс әкімдігі бесжылдық жоспар әзірледі. Оның жұмысы 2020 жылы басталған болатын, жоспар бойынша 2025 жылы аяқталуы тиіс. Жалпы сомасы 260 млрд теңгені құрайтын 56 жоба жоспарланса, оның 98,5 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, ал қалғаны жергілікті бюджеттен, жеке инвестиция және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік есебінен бөлінді.

Жоспарды әзірлеу кезінде Қарағайлы жаңа тұрғын алабының белсенді дамуына көп көңіл бөлінді. Мәселен, екі жылда 5 жалға беретін және 15 несиелік үй пайдалануға берілді. Жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеге веложолдар мен жарықтандыруы бар кварталаралық жолдар салынды. Биыл шағын ауданда 1200 орындық заманауи мектептің құрылысы басталады. Семейде коммерциялық құрылыс та дамып келе жатыр. Соның арқасында қазірдің өзінде 20 көпқабатты үй пайдалануға берілді. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жеке құрылыс салушылар 78 бір қабатты үй салды. Екі жылда 256 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланса, іс жүзінде 400 мың шаршы метрден астам, яғни жоспарланғаннан 1,6 есеге артық пайдалануға берілді. Тұрғын үй секторының белсенді дамуы 2200-ден астам отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік берді, - деді Даниал Ахметов.

Тағы 12 жоба шығысқазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған. Бұл жобаларды жүзеге асыруға қазірдің өзінде 5,5 млрд. Степной және Холодный ключ ауылдарында орталықтандырылған су құбыры, Үшақтар ауылында орамішілік су құбырлары тартылды. Жөндеу жұмыстары 15 жылға созылған Ертіс өзені арқылы өтетін байланыс сифоны ақыры жөнделді.


Аймақ басшысының айтуынша, жолдар мен тас жолдар да назардан тыс қалған жоқ. Бұған дейін «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында Семейде «Омбы-Майқапшағай» жолының учаскелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұдан бөлек, тағы екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда: ұзындығы 51 шақырым болатын Семей қаласының айналма жолының құрылысы және Ертіс өзені арқылы өтетін автокөпірді қайта жаңғырту.


Соңғы екі жылда жол желісін ағымдағы және орташа жөндеуге 7,2 млрд теңге бөлініп, жоспар 3 млрд теңге болса, бұл 90 шақырым жол мен көшелерді қанағаттанарлық жағдайға келтіруге мүмкіндік берді. Өткен жылы Жангелдина көшесінің бойымен Омбы-Майқапшағай тас жолына дейінгі жолды қайта жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, Семей-Қайнар тас жолының 108 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ 106 көше мен жергілікті маңызы бар жол жөнделді, - деп қосты Даниал Ахметов.


2020 жылдан бері облыста «Абай жолы» жаяу жүргіншілер аймағы, мешіт маңы, Мәңгілік Ел көшесі, Абай алаңы сияқты 24 нысан салынып, абаттандырылды.

Следующая →