Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

8-ші ақпанда не болды?

8-ші ақпан күні тарихта қандай оқиғалар болды?

Новости мира / Интересные новости / 8 ақпан: бүгін в истории
Фото:
Устинка LIVE

2008 жылы – Керегежар қаласында (Павлодар) алғаш рет қазақ тілінде облыстың төрт ауданы мен Екібастұз, Ақсу қалаларының әкімшілік-аумақтық карталары шығарылды. Тәуелсіздік жылдары кейбір ауылдарға жаңа атаулар берілсе, енді біреулері тарихи атауларын қайтарып алған. Бұл карта тілдерді дамытудың облыстық бағдарламасы аясында жарыққа шықты.

2010 жылы – Алтай ауданында сүт өндіретін жаңа шағын зауыт ашылды. Цехтың өндірістік қуаты – бір ауысымда 3 тонна. Шығарылатын өнімдер арасында сүт, айран, кілегей, сүзбе бар.

2010 жыл – Берлиндегі «World Money Fair» халықаралық көрмесінде Krause Publications өткізетін байқаудың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Ұлы қолбасшылар» сериясынан шығарылған «Шыңғыс хан» ескерткіш күміс монетасы «Тарихи тақырып бойынша ең үздік монета» аталымымен марапатталды.

2013 жылы - Павлодар педагогикалық университеті «Зеленая роща» демалыс аймағында өзінің шаңғы базасын ашты.

1931 жылы – Үндістанның жаңа астанасы Нью-Делидің салтанатты түрде ашылуы өтті.

1837 жылы - Петербордың Қара өзен ауданында А.С.Пушкин мен Ж.Геккерн (Дантес) дуэльге шықты. Жекпе-жек нәтижесінде Пушкинге оқ тиіп, екі күннен соң қайтыс болған.

1834 жылы 8-ақпанда - ұлы химик, Петербург Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Дмитрий Менделеев дүниеге келді. Дмитрий Иванович – Ресейдің Тобыл қаласында туған. Оның ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыты жалпы химия, химиялық технология, физика, экономика, ауыл шаруашылығы, метрология, т.б. салаларға арналған. Ол 1854-1856 жылдары изомерия құбылысын зерттеп, 1859 жылы сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал - ареометр құрастырды. 1861 жылы «Органикалық химия» атты орыс тіліндегі алғашқы оқулықты шығарды. 1860 жылы сұйықтардың қайнауының абсолюттік температурасын, 1865-1887 жылдары гидраттық теорияны, 1869 жылы жаратылыстың негізгі заңдарының бірі - периодтық заңын ашты.

Следующая →