Өскемендегі Аумақтық басқару орталығының жұмысы қайта ұйымдастырылады
Билік алдымен Халықпен жұмыс орталығын құрмақ. Ол халықтан түскен өтініш пен ұсыныстар бойынша белгіленген мерзім ішінде жұмыс жасауы керек
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында АБО енді қалалық әкімдік пен тұрғындар арасындағы алтын көпірге айналатынын жазды.
Орталықтың 11 филиалы мәселелерді орнында шешеді – әрқайсысы жекелеген аудан бойынша, - деп жазды шаһар басшысы. - Бұл қандай да бір мәселе бойынша жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді, бірақ бұндай жұмыстың әлеуеті толық ұйымдастырылмаған. Біз ұсынған бірқатар қадамдардан кейін АБО шынымен де қалалық әкімдік пен тұрғындар арасындағы көпірге айналмақ. Алдымен халықпен жұмыс орталығы құрылып, белгілі бір мерзім ішінде халықтан түскен шағым, ұсыныстар бойынша әрекет етеді.
Қала әкімі облыс орталығында мәселе шаш етектен екенін және олардың барлығы да ешқандай бюрократиялық кедергілерсіз шешілуі керектігін атап өтті.
Біз нақты сұрақтарға нақты жауаптар бере білуіміз керек, - деп атап өтті Жақсылық Омар. - Иә, мәселе көп. Иә, оның барлығы бір күнде шешілмейді де. Кей сұрақтар уақытты талап етеді, кейбіреулеріне тіпті қосымша қаржы да талап етілуі мүмкін. Бірақ бұл ақпараттың барлығы ешқандай жалтарма жауап пен бюрократиясыз жеткізілуі керек.
Одан өзге АБО-ға өткен жылы берілген бес трактордан өзге қосымша тағы да техника берілуі мүмкін.