Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда құрылыс материалдарының бағасын түсіруге арналған жаңа өндіріс орындары ашылады

Жобаны іске қосу 2025 жылға қарай 303 млрд теңгеге құрылыс материалдарының 10-нан астам түріне орташа жылдық сұранысты жабуға мүмкіндік береді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / В РК откроют новые производства для снижение цен на отделочные стройматериалы
Фото:
Устинка LIVE

2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізде құрылыс материалдарының өндірісі 9,8%-ға өсіп, 902,7 млрд теңгені құрады. Қазақстанда құрылыс материалдарын өндірумен 2,5 мың кәсіпорын айналысады, оларда 26,2 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Жалпы құрылыс материалдарының ішкі нарығы 2,7 млрд долларды құрайды. Оның ішінде отандық өндіріс үлесі 57% (1,6 млрд доллар), ал импорт 43% (1,15 млрд доллар).

- Қазақстандық өндірушілер ішкі нарықтың бетон, цемент, қабырға материалдары сияқты негізгі құрылыс материалдарына сұранысын толықтай дерлік қамтамасыз етіп отыр. Барлық жерде құрылыс және жөндеу жұмыстарында тек қазақстандық гипсокартон және құрғақ құрылыс қоспалары қолданылады, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Ел жоғары қосылған құны бар әрлеу сегментінде құрылыс материалдарына импортқа тәуелділікті бастан кешіруде. Осыған байланысты министрлік ішкі нарықты отандық өндірістегі ең сұранысқа ие тауарлармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады:

- санитарлық-техникалық бұйымдар;

- ламинатталған жабындылар;

- шыны аралсқан мақта (стекловата);

- керамикалық плиткалар;

- ішкі есіктер;

- жылу оқшаулағыш материалдар;

- алюминий радиаторлары;

- полиэтилен құбырлары;

- металл плитка;

- фитингтер және т.б.

- Жақын арада 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру арқылы 601,3 млрд теңгеге импортты алмастыратын 35 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Отандық санитарлық-техникалық бұйымдармен, керамикалық плиткалармен, минералды оқшаулағыштармен, ДСП және басқалармен қамтамасыз ететін жаңа өндіріс орындарын ашу жоспарлануда, – деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің басшысы.

Осылайша, министрлік импорт үлесін 60 пайызға азайтып, бағаның құбылуын болдырмаймыз, деп отыр.

Следующая →