Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да онкологиялық аурулар бойынша тегін кеңес алуға болады

Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау онкүндігіне арналған ашық есік күнін өткізеді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / В ВКО можно будет получить бесплатную консультацию по онкозаболеваниям
Фото:
Устинка LIVE

1-ақпаннан 10-ақпанға дейін Қатерлі ісікке қарсы күрестің кешенді жоспарына сәйкес Қазақстанның барлық аймақтарында онкологиялық аурулардың алдын алу және диагностикалау бойынша алдын алу шаралары жүргізіледі.

Мәселен, облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында онкологиялық ауруларды кеш анықтау мәселесіне назар аудару және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық науқан форматында онкүндік өтеді. Орталықтың ақпараттық алаңдарында онкопатология тақырыбы бойынша бірқатар материалдар шығарылады. Оның ішінде әлеуметтік желілерде онкологтарының қатысуымен «Онкологиялық аурулардың алдын алу», «Қалқанша безінің қатерлі ісігі» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысының БАҚ және республикалық БАҚ қызметкерлерінің онкологиялық аурулардың алдын алу тақырыбындағы арнайы дайындалған бейнематериалы жергілікті «ALTAI» телеарнасында көрсетіледі.

Сонымен қатар, 5-ақпанда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Потанин көшесі, 6 үй мекен-жайындағы 1-ші ғимаратта онкологиялық орталықтың консультативтік-диагностикалық емханасында шығысқазақстандықтарға арналған онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні өтеді.

- Бұл күні сіз бастапқы тексеруден өтіп, кеңес ала аласыз. Сондай-ақ жоғары білікті дәрігерлердің ұсыныстарын да тыңдай аласыз. Ол үшін жеке куәлік болса болғаны, емханаларға дәрігерлердің жолдамасы талап етілмейді, жазылу тегін, - деп хабарлайды Орталықтың баспасөз қызметі.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45.

Следующая →