Бұқтырма су қоймасындағы өткел ашық тұр
Әкімшілік полиция департаменті «Қызыл ту» өткелі көлік жүргізушілері үшін ашық екенін хабарлады
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін Күршім және Көкпекті аудандарының арасын байланыстыратын «Қызыл ту» мұз өткелі қайта ашылды, деп хабарлайды Устинка Live тілшісі.
Бұл өткелде жалпы салмағы 1,5 тоннадан аспайтын автомобильдердің жүруіне рұқсат етіледі.
- Күршім ауданы мен облыс орталығы арасындағы ауыр жүк көліктерінің көлік қатынасы Күршім – Үлкен Нарын – Алтай – Өскемен және Күршім – Зайсан – Өскемен тас жолдарының бойымен жүзеге асырылады, – деп еске салды ШҚО ПД.