Өткен жылы ШҚО қоршаған ортаны ластаушыларға 25,9 млрд теңге айыппұл салынды
Өңірдің экология департаменті қызметінің негізгі бағыты облыс тұрғындарының өтініштері, әлеуметтік желілер мен БАҚ мониторингі бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған
Қоғамдық резонанс тудырған барлық құқық бұзушылықтар бойынша кеңейтілген тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жалпы экологтар 86 тексеру жүргізді, оның ішінде жоспардан тыс - 67, 167 бұзушылық анықталды және олар бойынша бұзушылықтарды жою туралы 56 ұйғарым берілді.
25 959 834 510 теңге сомасына 177 айыппұл салынды, оның ішінде жалпы сомасы 435 595 677 теңге болатын 158 айыппұл өндіріп алынды, ал 25 523 218 883 теңге сомасына 15 айыппұл бойынша ерікті төлем мерзімі аяқталған жоқ, жалпы сомасы 1 020 950 теңге болатын төрт айыппұл мәжбүрлеп орындауға жіберілді.
Тексеру нәтижелері бойынша 2021 жылы экологиялық залалды өтеу үшін 291 162 874 теңге сомасына 39 ұйғарым берілді, оның ішінде 83 285 919 теңге сомасына 35 ұйғарым ерікті түрде орындалды, қалған бес орындалмаған нұсқама бойынша сот инстанцияларына қуынымдар жіберілді.
Жалпы, 2020 жылдан бастап ауысатын сот сатыларында департаменттің 1 467 186 789 теңге сомаға 19 талап арызы қаралды, оның ішінде залалды өндіріп алу туралы талаптар қанағаттандырылды: жалпы сомасы 1 279 121 269 теңгеге 15 талап арыз бойынша (жалпы сомасы 600 880 908 теңгеге 14 талап арыз бойынша, толық қанағаттандырылды, бір талап арыз бойынша ішінара 678 240 361 теңге).
Өткен жылы қойылған бес талаптың ішінен ШҚО бойынша мамандандырылған экономикалық сот жалпы сомасы 77 059 772 теңгеге төрт талапты қанағаттандырды және 141 658 147 теңгеге бір талапты қарауда.
Тексеру барысында қоғамдық резонанс тудырған құқық бұзушылықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтауға ерекше назар аударылады.