Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 2021 жылы 681 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

Азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді, өңірде оларға көмек көрсетудің түрлі нысандары әзірленді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / 681 многодетная семья в 2021 году отпраздновала новоселье в ВКО
Фото:
Устинка LIVE

Мектеп оқушыларын тәрбиелеп отырған көп балалы отбасылар формамен, аяқ киіммен және тамақпен қамтамасыз етіледі. Балалардың ата-аналары мектепке дейінгі балалар мекемелеріне ақы төлеуден босатылған. Ал студенттерге тегін тамақ пен тұру ұсынылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

 Облыс әкімдігінің мәліметінше, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалардың қоғамдық көлікте жүруін қамтамасыз ету үшін 340,7 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Барлық уақытта өзекті тұрғын үй мәселесі де жоспарлы түрде өз шешімін табуда. Табысы төмен халықты қолдау үшін шаршы метр сатып алу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру шарасы көзделген. 2021 жылы 204 млн теңгеге 204 тұрғын үй сертификаты берілді. 

 Сонымен қатар, облыста осы санаттағы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кезең-кезеңмен бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2021 жылы тұрғын үй алуға кезекте тұрған көп балалы аналар мен әлеуметтік осал отбасылар үшін 9 млрд теңгеге 394 үй, 681 пәтер пайдалануға берілді. 

 Көпбалалы отбасыларға жеңілдік шарттарымен 438 млн теңгеге 160 шағын несие берілді. Олардың көпшілігі "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде "Бастау Бизнес"жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқи алды.Бағдарлама бойынша тұрақты жұмыс орындарына 17 мың адам орналасса, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқытудан 1,2 мың адам өтті. 

 Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында 2021 жылы облысқа 645 адам көшірілді. 

 Әлеуметтік қамсыздандыру нысандарын жөндеуге көп көңіл бөлінеді. Мәселен, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, Бородулиха, Тарбағатай, Үржар, Шемонаиха аудандарында және Алтай ауданында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сомасы 147,2 млн теңгені құрады.

Следующая →