Қазақстанда ЖОО-на арналған грант саны көбейеді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2025 жылға қарай білім гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы 15 мыңға өседі
2022 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттар саны тағы 5 мыңға артады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Осылайша гранттардың жалпы саны 61 мыңға дейін жететін болады.
2022 жылы кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы қазірдің өзінде 51 мыңнан 56 мың грантқа дейін ұлғайтылды. Студенттер арасында сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға жаңа гранттар бөлінеді.
Білім гранттарын бөлу кезінде ҚР азаматтарының әлеуметтік осал санаттары үшін арнайы квота қарастырылғанын айта кету керек.
Өткен жылы бізге 75 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде 56 мыңнан астам талапкер грантқа ие болды. Биыл грант саны 61 мыңға жетеді. Президенттің тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға арналған квоталар санын көбейттік. Яғни, көп балалы немесе толық емес отбасылардың балалары, сондай-ақ отбасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған талапкерлердің грант алу мүмкіндігі әлдеқайда кең болады, - деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.