Тәртіп сақшылары ШҚО тұрғынынан есірткі тауып, оны дайындаған деп айыптады
Енді ер адамға 40 тәулікке дейін қамалуы мүмкін және 80 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, немесе түзету жұмыстарына салынады
Өткен жылы желтоқсан айының соңында Алтай аудандық полиция қызметкерлеріне Жаңа Бұқтырма ауылының 45 жастағы тұрғынының заңсыз түрде есірткі дайындаумен айналысқаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жедел қызмет өкілдері дереу жұмысқа кірісті. Тәртіп сақшылары ер адамның үйінің аумағында орналасқан сарайды тінту кезінде қоңыр түсті сұйықтық құйылған шприцті тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың ішіндегісі «экстракциялық апиын» есірткі затының ерітіндісі болып табылады. Экстракциялық апиынның құрғақ қалдығының салмағы - 3,0 мл., ал сұйықтық - 0,0387 грамм, - деп хабарлады ШҚО ДП баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 бабы 2 бөлімі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталмыш бап 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жазаны қарастырады.