Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Елде 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне "Google салығы" деп аталатын түзетулер күшіне енеді
Ұлттық экономика министрлігі түзетулерге сәйкес, қызметтер мен тауарларды онлайн платформалар арқылы сататын барлық шетелдік компаниялар республика бюджетіне ҚҚС төлеуге міндетті болады деп хабарлады.
ҚҚС ставкасы сатылған тауарлар мен қызметтер сомасынан 12% құрайды. Бұл қазақстандық төлеушілерге әсер етпейді.
Министрліктің болжамына сәйкес, осы ҚҚС салығы есебінен бюджетке түсетін түсімдер жылына 2 млрд теңгені құрайды.
Компанияларға салық есебіне тұрудың қажеті жоқ. Жеңілдетілген тәртіппен олар салық органдарына хат жіберіп, ҚҚС төлеуге дайын екендігі туралы хабарлауы керек.
Әкімшілендіру merchant ID/MID арқылы шетелдік интернет-компаниялар бөлінісінде аударылған сомалар туралы екінші деңгейдегі банктердің деректері негізінде жүзеге асырылады.
Merchant ID банктер тиісті төлемдер мен ақша аударымдарын сәйкестендіретін шетелдік интернет-компаниялар ұсынатын деректемелердің бірі болып табылады.